ЖІҢІШКЕ-ДОН БАҒЫТЫНДА ВАГОНДАРДЫ ЖЫЛЖЫТУДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2023-124-1-172-181
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ғылыми мақаланы орындау барысында жүргізілген зерттеудің мақсаты- Жіңішке-Дон бағытында вагондарды жылжытуды оңтайландыру мүмкіндіктерін қарастыру. Зерттеу нысаны инфрақұрылымның, жылжымалы құрамның жай-күйіне байланысты техникалық аспектілер және түпкілікті пункттер арасында жүк тасымалдау бойынша қызмет көрсету кезінде клиент пен магистральдық желі меншік иелері арасында туындайтын өзара қарым-қатынастар болып табылады. Зерттеудің теориялық маңыздылығы Жіңішке және Дон станциялары арасындағы вагон айналымын қысқарту және тасымалданған жүк көлемін ұлғайту болып табылады. Вагон айналымын қысқарту өзекті мәселе және жаппай жүктерді тасымалдауды ұйымдастыруда қиындық туғызады, бұл жағдайда хром кенін тасымалдау. Хром кенін тасымалдау үшін тартылатын ашық вагондардың тапшылығы бірінші кезекте республика аумағы бойынша барлық әлеуметтік объектілерді қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты жылу беру маусымына дайындық кезеңінде ерекше өзекті болып табылады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы, мақалада ұсынылған вагондарды жылжытуды оңтайландыру бойынша әдістемелер «Казхром» ТҰК филиалдарын қажетті жылжымалы құраммен қамтамасыз ету тұрғысынан «ТрансКом» ЖШС өзекті болып табылады.