САЛМАҚ ГАБАРИТТІК НОРМАЛАРДЫҢ ШЕКТІ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН МӘНДЕРІН АНЫҚТАУ ҮШІН АВТОМОБИЛЬ ТҮРЛЕРІН ЗЕРТТЕУ

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2023-124-1-102-109
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының автокөлік жолдарында жүктерді көлік құралдарымен тасымалдау көлемін арттыру мақсатында осьтік жүктемені арттыру тәсілдерін қарастыра отырып, халықаралық нормативтік талаптарға шолу жасау арқылы модульдік ұзын өлшемді ауыр жүк автопоездарын қолдану мүмкіндігіне негіздеу жасалды. Тас жолдар үшін автомобиль көлігінің осьтік жүктемесінің рұқсат етілген шамасын шетелдік нормативтік талаптарға сәйкес жоғарылату арқылы отын шығынын 20 %-ға дейін және тасымалданатын жүк бірлігіне бөлінетін газдардың уыттылығын 30 %-ға дейін төмендетуге мүмкіндік беретіндігі анықталды. Үлкен ара қашықтықта Еуропа және Азияны қостаны Ұлы Жібек жолы арқылы үлкен көлемде тасымалданатын жүк тасымалдау тиімділігін жоғарылату үшін модульдік ұзын өлшемді автопоездарын қолдану ұсынылды.