Аңдатпа
Қазақстандағы жол қозғалысындағы зардаптарға қатысты шығындарының ауқымы, елдің қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіре бастады. Сондықтан жол апаттарына қарсы күрес үлкен әлеуметтік мәнге ие, мемлекеттік маңызды мәселе болып табылады. Апаттардың алдын алудың бір жолы оларды болжау. Жол-көлік оқиғаларын болжау апаттардың туындау ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсінуді, қауіпсіздік жағдайына әсер ететін факторларды бағалауды талап етеді. Жол қозғалыс қауіпсіздігі деңгейін бақылауға және қауіп-қатерді шектеуге мүмкіндік беретін бірқатар әдістер бар. Халық санының және автокөліктер тіркелуінің өсуі жол-көлік оқиғаларын және олардың салдарының ауырлығын болжау құралдарының бірі болып табылады. Осы мақалада жол қозғалысы қауіпсіздігін зерттеу әдістері қолданылып, Астана қ. көше-жол желісінде жол қозғалысы қауіпсіздігінің жағдайын айқындайтын негізгі көрсеткіштерге талдау жүргізілді. Сонымен қатар, Астана қ. жол қозғалысы қауіпсіздігінің жағдайын қозғалыс қауіпсіздігі, халықтың денсаулығына тиетін зардаптардың тәуекел факторларымен бағалау мүмкіндігі қарастырылады.