Коммерциялық банктердің бөлшек несиелеу қызметі: қазіргі ахуалы мен дамудың бизнес-модельдері

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2789-4320-2023-1-295-306
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада отандық коммерциялық банктердегі бөлшек несиелеудің қазіргі ахуалы банктік сектор қызметінің сапалық және сандық көрсеткіштеріне, коммерциялық банктердің экожүйелеріне назар аудара отырып зерттелді. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасы банктік секторының несиелік қоржынының жалпы көлемі мен мерзімі өткен берешегі бар несиелері, тұтыну мақсатында берілген бөлшек несиелер бойынша мерзімі өткен берешегі бар несиелерінің құрылымы мен мерзімдері бойынша статистикалық мәліметтер қолданылып, сараптауға түсті. Тұтыну мақсатында берілген бөлшек несиелеудің мерзімі мен пайыздық мөлшерлемесі бойынша тенденциялар анықталды. Тұтынушы-клиенттің бөлшек несиелеуде таңдауына әсер ететін факторлар анықталып, несиелік қоржынының жалпы көлем бойынша алдыңғы қатардағы отандық коммерциялық банктердің экожүйелеріне шолу жасалды. Қазақстандағы тұтыну мақсатында берілген бөлшек несиелеудің ағымдағы ахуалына жүргізілген талдау негізінде қажетті ұсыныстар әзірленді.