СУ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУДА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН, ҚАШЫҚТЫҚТАН БАСҚАРАТЫН ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37884/1-2023/17
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Жаңа экономикалық қатынастардың дамуы және меншік нысандарының алуан түрлілігі, су шаруашылығы мен мелиорация саласының техникалық және өндірістік әлеуетінің едәуір төмендеуі суды пайдалану процестерін метрологиялық қамтамасыз етудің түбегейлі жаңа әдістерін әзірлеу қажеттілігін туындатуда. Бұл суару жүйелері мен су шаруашылығы объектілеріндегі суды есепке алу және суды өлшеу саласына қатысты қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болуда. Мақала авторларының зерттеулері бойынша, суару жүйелеріндегі технологиялық процестерді басқарудың отандық автоматтандырылған жүйелерін құру саласындағы белгілі және перспективалық әзірлемелер негізінде қазіргі заманғы жалпы су өлшеу құралдарын қолдана отырып, суару жүйелері үшін ақпараттық - өлшеу кешендерін құру бойынша ұсыныстар жасалынды. Жаңа экономикалық қатынастардың дамуы және меншік нысандарының алуан түрлілігі, су шаруашылығы мен мелиорация саласының техникалық және өндірістік әлеуетінің едәуір төмендеуі суды пайдалану процестерін метрологиялық қамтамасыз етудің түбегейлі жаңа әдістерін әзірлеу қажеттілігін туындатуда. Бұл суару жүйелері мен су шаруашылығы объектілеріндегі суды есепке алу және суды өлшеу саласына қатысты қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болуда сондықтан осы жұмыста су деңгейін өлшеуге арналған құрылғыны пайдаланудың бағдарламалық құрылымына сипаттамалар беріледі.