The language of the epos is the basis for the formation of the national consciousness of the youth

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph.2023.v189.i1.ph5
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

ЭПОС ТІЛІ -ЖАСТАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ САНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІМақалада әлемдегі барша халықтардың ұлттық мәдениетінің қайнар бұлағы, тарихи жадының, ұлттық дүниетанымның алтын қоры -фольклор, нақтырақ айтар болсақ, эпостық мұралар тілінің жастардың ұлттық санасының қалыптасуына ықпалы баяндалады.Фольклор өткеннің ғана дүниесі емес, ел тұрмысында бүгін де өмір сүріп жатқан шығармашылық.Фольклорлық мұралардың бірі -эпостық жырларды оқыту арқылы өскелең ұрпақтың тілдік санасының орнықты қалыптасуына әсер ету.Мұндай тілдік тетіктер қолданысы бүгінгі қоғамдағы балалар мен жастардың мінезқұлқындағы теріс әлеуметтік өзгерістердің алдын-алуға септігін тигізеді деуге болады.Бүгінде ақпараттың жеткізілуінің қарқынды дамыған кезеңінде адамның мүмкіндіктері бірден кеңейіп, соған сәйкес тұлғаны зерттеу мәселесіне деген қызығушылық айтарлықтай өсіп отырғаны байқалады.Осы ретте тіл бірліктерінің адам санасында берілуі мен қызмет ету механизмін білудің, оның ұлттық сипатын танудың маңыздылығы зор болмақ.