The study of turkishisms in world languages

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph.2023.v189.i1.ph1
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

ӘЛЕМ ТІЛДЕРІНДЕГІ ТҮРКИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕСІМақалада шет тілдеріндегі түркизмдер мәселесі, түркизмдердің шет тілінде қолдану барысында дыбыстардың фонетикалық өзгеріске ұшырауы қарастырылып, мысалдармен беріледі.Шет тілдеріндегі түркизмдерді зерттеу үшін негізгі дереккөздерді жинау, жүйелеу, талдау және салыстыру әдістері, тарихи-салыстырмалы, салғастыру тәсілдері қолданылады.Әлеуметтік-лингвистикалық аспектідегі тілдік қарым-қатынастар түркітанушыларды, ғалымдарды бұрыннан бері қызықтырып келеді.Бұған себеп әлем тілдері о бастан бірнеше тілден шыққан ба, әлде бір ғана тілден шыққан ба деген сұрақ адамзат баласын бағзы заманнан бері толғандырып келеді.Ғалымдардың бір тобы әлем тілдері кезінде ортақ түбірден шықты деген пікір айтса, кейбіреулері бірнеше диалектіден пайда болған деген пікірді ұстанады.Осы мәселелердің шешімін табу үшін ең алдымен дүние жүзіндегі тілдер жан-жақты зерттелініп, дыбыстардың ерекшеліктері және сөздердің қаншалықты ұқсас екендігі ортаға қойылуы керек.Түркі халықтарының ең алғашқы тасқа қашап жазылған мәңгі тастарына қарайтын болсақ, түркілер мен қытайлардың тығыз байланыста болғандығын көруге болады.Бұл байланыс Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі лексикалық қордан байқалады.Бұнымен қоса түркілер соғды, араб, парсы, монғол т.б.халықтармен қарым-қатынаста болып, көптеген сөздерді алған және осы тілдер де түркі сөздерін қабылдаған.Себебі екі тілдің қарым-қатынасы нәтижесінде тек қана бір тіл сөзді алып немесе беріп қана қоймайды, басқа тілге сөз бергендей басқа тілден де сөздер алады.Түркі тілдерінің лексикалық қорында шет тіліндегі кірме сөздердің қолданылатыны белгілі.Дәл осындай кері байланыс түркизмдерге де байланысты