Аңдатпа
АУЫЗША АУДАРМАДАҒЫ ВЕРБАЛДЫ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРМақалада ауызша аударманың күрделі бөлігін құрайтын түрі ілеспе аударманың лингвистикалық және психологиялық мәселелері қарастырылады.Ауызша аударманың лингвистикалық, писхологиялық тұрғыда теориялық зерттеулері бас шылыққа алынып, соның нәтижесінде ауызша аударма, оның ішінде ілеспе аударманың практикалық қолдануының лингвистикалық, яғни просодикалық, акустикалық және психологиялық ерекшеліктері зерттелінді.Талданған материал академиялық мақсатта болған сабақтарда «Синхронды аударма» мамандығының магистранттары аударған ауызша мәтіндер диктофонның көмегімен жазылып алынды.Жинақталған, сұрыпталған материал Praat бағдарламасы арқылы фонетикалық талдаудан өтіп, ілеспе аударманы жүзеге асырған аудармашының уақыт, тонның негізгі жиілігіне, тон қозғалысының модификациясына лингвистикалық талдау жүргізілді.Психологиялық зерттеу ауызша аудармамен машықтанатын аудармашылардың жұмыс ерекшелігін ашуға, ілеспе аударма барысында туындайтын қиындықтарды жеңу үшін қолданылатын жаттығуларды қарастыруға бағытталған.