GOVERNMENT OPPORTUNITIES FOR DEVELOPING HYDROGEN ENERGY IN KAZAKHSTAN

2022

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52260/2304-7216.2022.4(49).30
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Елімізде энергетикалық кешенді әртараптандыру мақсатында сутегі энергетикасы экономикалық және экологиялық тұрғыдан таза энергетиканы дамытудың перспективалы бағыты ретінде қарастыруға толық мүмкіндігі бар. Соңғы он жылда әлемде жаңартылмайтын энергия көздерінің, яғни табиғи ресурстардың сарқылуына байланысты сутегі энергиясы ғылыми және экономикалық тұрғыдан жан-жақты зерттелуде. Сутегі энергиясы – энергетикалық секторды түрлендіруге және климаттық өзгерістердің жағымсыз әсерлерін азайтуға мүмкіндік беретін энергия көзі. Мақалада сутегі энергетикасының технологияларын дамытудың қазіргі тенденцияларына шолу, перспективалық даму мүмкіндіктері қарастырылды. Сонымен қатар энергетикалық секторда сутегі энергетикасын келешекте қолданудың проблемалары және өндіруші қуаттардың тиімділігін арттыру мүмкіндігі қарастырылды. Еліміздегі энергетикалық қауіпсіздікті ескере отырып, парниктік газдар шығарындыларын төмендету саясатына сәйкес сутегі энергетикасын дамыту мүмкіндіктеріне сипаттама берілді және талдаулар жасалды. Зерттеу барысында елімізде сутегі энергетикасын ауқымды дамыту үшін келесі проблемалар анықталды: сутегі өндірісінің жоғары құны, инфрақұрылымның шектеулер, сутегі технологияларын одан әрі жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды жүргізу қажеттілігі, инновациялық технологиялардың және кешенді, мақсатты мемлекеттік қолдаудың жоқтығы. Аталмыш жұмыс халықаралық энергетикалық ұйымдардың мәліметтері, шетелдік ғылыми басылымдар мен әдеби дереккөздері негізінде жүзеге асырылды. Сонымен қатар зерттеуде талдау әдісі мен SWOT талдау әдіс қолданылды, олар елдегі сутегі энергиясын баламалы отын ретінде пайдалану кезінде артықшылықтарына ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді. In order to diversify the energy complex in the country from an economic and ecological perspective, hydrogen energy is considered the most promising direction for the development of clean energy. In the past decade, due to the depletion of non-renewable energy sources, such as natural resources, hydrogen energy is being studied comprehensively from a scientific and economic perspective. Hydrogen energy is a source of energy that has the potential to transform the energy sector and reduce the negative consequences of climate change. The article discusses current trends in technology development and the potential of hydrogen energy in the country. It also examines the challenges of using hydrogen energy effectively and the opportunities for improving energy efficiency in the energy sector. In light of energy security, the possible developments of hydrogen energy in line with a policy of reducing greenhouse gas emissions are described and analyzed. The study on the scale development of hydrogen energy in the country has identified the following problems: high production cost of hydrogen, infrastructure limitations, the need for scientific and experimental work to further improve hydrogen technologies, insufficient number of innovative technologies, and lack of comprehensive and targeted government support. The study was based on information from international energy organizations, foreign scientific publications, and literary sources. In addition, the analysis and SWOT analysis methods were used, which in turn allowed recommendations on the advantages of using hydrogen energy as an alternative fuel in the country.