CURRENT STATE OF BANK LENDING TO SMALL AND MEDIUM-SIZED BUSINESSES IN KAZAKHSTAN

2022

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52260/2304-7216.2022.4(49).13
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының өзекті міндеттерінің бірі шағын және орта бизнесті барынша дамыту болып табылады. Шағын және орта бизнес мемлекеттің экономикалық әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ал ол көп жағдайда халықты жұмыспен қамту, ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыру, мемлекеттік бюджетті толықтыру және бәсекелестік орта құру мәселелерін шешуге байланысты. Шағын және орта бизнесті дамытуды басқару Қазақстан Республикасының саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады. Шағын және орта бизнестің жұмыс істеуі айтарлықтай қаржылық салымдармен байланысты, олар негізінен қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Көбінесе шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері негізгі қорларды сатып алу, өндірістік базасын ұлғайту, ағымдағы шығындар мен кассалық кемшіліктерді жабу, бизнесін кеңейту үшін несие алады. Сондықтан несие ресурстарының қолжетімділігі бүгінгі таңда шағын және орта бизнесті дамытуда маңызды рөл атқарады. Мемлекет шағын және орта бизнеске салықтық жеңілдіктер, кәсіпкерлік субъектілерінің бұрын алған несиелері бойынша пайыздық жеңілдіктер, ренталық төлемдер бойынша жеңілдіктер түрінде қолдау көрсетіп келеді. Дегенмен, осыған қарамастан, бұл аспектіде проблемалар әлі де бар. Бұл мақалада шағын және орта бизнесті несиелендірудің қазіргі жағдайына талдау жасалып, осы аспектідегі қалыптасқан мәселелер айқындалып, оларды шешу бойынша жолдары ұсынылған. In the current situation, one of the urgent tasks of the Republic of Kazakhstan is to maximise the development of small and medium-sized businesses. Small and medium business directly affects the economic wellbeing of the state. And in most cases it depends on solving the tasks of providing employment to the population, filling the domestic market with domestic goods, replenishing the state budget and creating a competitive environment. Management of SME development is a strategic policy issue for the Republic of Kazakhstan. The functioning of SMEs is associated with significant financial investments, which can be carried out mainly with borrowed funds. Often SMEs take out loans to acquire fixed assets, increase their production base, cover running costs and cash shortages, and expand their business. Therefore, the availability of credit resources today plays an important role in the development of SMEs. The state supports small and medium-sized businesses in the form of tax exemptions, interest relief on previously obtained loans of business entities, and relief on rent payments. However, in spite of this, problems still exist in this aspect. This article analyses the current situation of SME lending, identifies existing problems in this aspect, and proposes ways to solve them.