Аңдатпа
Бұл жұмыс инклюзивті білім беру технологияларын теориялық зерттеудің нəтижесі болып табылады. Бұл салада өз қызметін бастаған мұғалімдерге пайдалы болуы мүмкін. Қазіргі мұғалімнің іс-əрекетінің негізінде жатқан құндылықтар мен көзқарастарды түсінуге, мектепте жəне сыныпта инклюзивті оқыту процесін ұйымдастыруға, мұғалімдердің іс-əрекетінің мақсаттары мен міндеттерін анықтауға, инклюзивті білім берудің міндеттерін іс жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін технологиялармен танысуға көмектеседі. Инклюзивті білім берудің ерекшелігі – мұғалім сыныптағы балалардың əртүрлілігін, олардың ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын ескере отырып білім береді. Осыған байланысты жұмыс формаларын, əдістері мен технологияларын өзгерту қажеттілігі туындайды. Əр балаға əр түрлі технологиялық əдістер пайдаланылады.