"ЖАЙЫЛЫМДЫҚ-ТЕБІНДІК ҰСТАУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТАБЫН ЖЫЛҚЫЛАРЫНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ "

2022

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48081/vrhu7528
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

"Бұл мақалада табындық жылқыларының әртүрлі этологиялық көріністерін зерттеу қарастырылған. Этология-биология ғылымдарының маңызды салаларының бірі. Биологиялық зерттеулердің тәуелсіз бағыты ретінде этология ғылымы салыстырмалы түрде жақында, яғни пайда болғанына 30 жылдай уақыт болды. Этология жалпы және жеке болып бөлінеді. Жалпы этология өмір көріністерінің негіздерін және жүйке жүйесінің, гормондардың, тұқым қуалайтын факторлардың әсерін зерттейді, сонымен қатар жануарлардың мінез-құлық актілерінің бағытын, олардың қоршаған орта жағдайлары мен дененің әртүрлі жағдайларындағы өзара байланысы мен өзгеруін талдайды. Жеке этология жануарлардың кеңістіктегі бағдарын, жеке жануардың аумақтық және әлеуметтік қатынастарын, дыбыстық байланысты, көбею кезіндегі мінез-құлықты зерттейді.Этологияның түпкі мақсаты-мінез-құлық актілері мен олардың физиологиялық механизмдерін зерттеу, олардың өсіру үшін қажетті бағытта өзгеру мүмкіндігін қамтамасыз ету. Саланы жүргізудің ғылыми негізделген технологияларын әзірлеу, ұрпақтардың шығымын арттыру және оны сақтау, ветеринариялық іс-шараларды жүргізу кезінде еңбек шығындарын үнемдеу, жайылымдарды, жемшөпті ұтымды пайдалану, өнімділікті арттыру, төтенше жағдайларда жануарлардың жоғалуын болдырмау. Этология биология, зоология, физиология, эволюциялық зерттеулер, психология, генетика және экология мен тығыз байланысты. Табын жылқыларының этологиясын білу жылқылардың көбеюін жоғары деңгейде ұйымдастыруға, жайылымдардың азық-түлік ресурстарын ұтымды пайдалануға, азықтандыру үшін жақсы жағдайларға қол жеткізуге және жылқы өсірушілердің еңбек шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді. "