BIODIVERSITY OF MICROALGAE OF ACREAGE OF THE AKDALA VALLEY AND ISOLATION OF CYANOBACTERIA WITH ANTIBACTERIAL ACTIVITY

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53729/mv-as.2023.01.14
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Алматы облысындағы Ақдала алабының егістік алқаптарындағы цианобактериялар мен микробалдырлардың түрлік әртүрлілігі зерттелді. Микроорганизмдердің биоалуантүрлілігі болашағы мол жаңа микроб түрлерін табу үшін ең үлкен пайдаланылмаған резервуар болып табылады. Зерттеудің мақсаты микробалдырлар мен цианобактериялардың әртүрлілігін зерттеу және цианобактериялардың болашағы мол түрлерін бөліп алу болып саналады. Зерттеу нәтижелері бойынша Ақдала алабының егіс алқаптарының топырақ үлгілерінен микробалдырлар мен цианобактериялардың 48 түрі анықталды, оның ішінде 21 түрі - цианобактериялар. Цианобактериялар өкілдерінің негізгі үлесі гетероцисталы формалар болды. Цианобактериялардың анықталған түрлерінен 5 альгологиялық таза дақылдары бөлініп алынды, бірақ бактериологиялық таза дақыл ретінде антибиотиктермен өңдеуден кейін 4 дақылдар бөлініп алынады. Зерттеу нәтижелері бойынша бөлініп алынған төрт цианобактерия дақылдарының арасынан максималды бактерияға қарсы белсенділікті көрсеткен - Oscillatoria SP S-3, Anabaena SP S-5 дақылдары болды. Аталған дақылдардың метанол сығындылары E. coli және Staphylococcus aureus, B.subtilis сынақ штаммдарының өсуін тежеудің ең үлкен аймақтарын көрсетті. Цианобактериялар әртүрлі биотехнологиялық маңызды қосылыстардың көп мөлшерін алу үшін орасан зор, бірақ әлі де аз зерттелген ресурс болып табылады, өйткені олар әртүрлі биологиялық белсенді заттарды синтездейді, олар саңырауқұлақтарға қарсы, бактерияларға қарсы, вирустарға қарсы белсенділікке ие. Цианобактериялардың жаңа түрлерін іздеу, оқшаулау және биологиялық белсенді заттарды өндірушілерді дұрыс таңдау агробиотехнологияда үлкен мүмкіндіктер ашады. The species diversity of cyanobacteria and microalgae of the acreage of the Akdala valley in the Almaty region has been studied. Microbial biodiversity represents the largest untapped reservoir for the potential discovery of new promising species of microorganisms. The aim of the research was to study the species diversity of microalgae and cyanobacteria and identify promising species of cyanobacteria. According to the results of the research, 48 species of microalgae and cyanobacteria were identified from the soils of the acreage of the Akdala valley, where 21 species were cyanobacteria. The main proportion of representatives of cyanobacteria were heterocystic forms. 5 algological pure cyanobacteria cultures were isolated from certain types of cyanobacteria, but when obtaining bacteriologically pure cultures after treatment with antibiotics, 4 cyanobacteria cultures were obtained in pure form. According to the results of the research, the cultures of Oscillatoria SP S-3, Anabaena SP S-5 showed the maximum antibacterial activity from the isolated four species of cyanobacteria, also showing the largest areas of growth inhibition of the test strains of E. coli and Staphylococcus aureus, B. subtilis with methanol extracts. Cyanobacteria are a huge, but still small-used resource for obtaining a large number of various biotechnologically important compounds, because they synthesize various biologically active substances, which have antifungal, antibacterial, anti-virus activity. The search and isolation of new species of cyanobacteria and the right choice of producers of biologically active substances opens up great opportunities and prospects in agrobiotechnology.