АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОРМАН УЧАСКЕЛЕРІН ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БАҒАЛАУ

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2023.1(116).1328
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Орман қоры жерлерінің құрамында орман учаскелерін пайдалану тиімділігін объективті және сандық бағалау орман қоры жерлерін басқарудың қазіргі жүйесін түсінуде маңызды. Климаттың өзгеру мәселелері көптеген мемлекеттерде жоғары деңгейінде айтылуда. Орман алқаптарын пайдалану кезінде парниктік газдар шығарындылары мен көміртекті сіңіру деңгейін ескеру қажет. EX-ACT (Ex-ante Carbon-balance Tool) әдісін қолдана отырып, тез өсетін терек плантацияларын өсіру мысалында көміртегі пайдасын бағалау жүргізілді. Бұл тез өсетін ағаш түрлерінің плантацияларын құру тек «жылдам» сүрекдің алуға ғана емес, сонымен қатар көміртегі қорын арттыруға үлес қосуға мүмкіндік беретіндігін растады. «Парниктік газдар шығарындылары мен көміртекті сіңіру деңгейі» критерийі орман учаскелерін ұтымды пайдалануды бағалау әдістемесін жетілдіру кезінде орманды ұтымды пайдалану көрсеткіштеріне міндетті түрде енгізілуі тиіс.