Аңдатпа
Мақалада тіліміздегі жер-су аттарының тарихи жасалуындағы көне топонимдік қабаттардың, соның ішінде ең көне субстратты топонимдерді зерттеуге қолданылатын терминдерге тоқталған. Яғни стратиграфия тілдік қабаттарды айқындау мақсатында қолданылып, негізінен ғылыми этимология жетістіктері мен топонимдік жүйедегі тарихи деректерді ұсынады. Ерте дəуірлердегі топонимдік атаулардың шығу этнонимін салыстырмалы түрде зерделейді. Зерттеуші ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып, нақты дəлелдер мен мысалдар келтіреді. Тіл ғылымы тұрғысынан топонимдердің этимологиясын зерттеу үшін жəне оның стратиграфиясын дұрыс ашу қажет. Осы мақсатта белгілі территориядағы топонимдерді синхрондық бағытта лексика-семантикалық жəне лексика-грамматикалық тұрғыдан зерттеуді негізге алады. Сондай-ақ əр аймақтағы топонимдердің этимологиясы, тілдік семантикалық, грамматикалық ерекшеліктерін қарастырады.