Аңдатпа
Ақмола облысының құрғақ далалы аймағында өсетін бір жылдық мал азықтық дақылдардың өсу кезеңіне және дамуына байланысты көк балаусаның химиялық құрамы келесідей аралықта, яғни шикі протеин 2,3-тен 3,1% - ға дейін, шикі жасұнық 7,1-ден 10,8% - ға дейін, шикі май 0,5-тен 0,9% - ға дейін, шикі күл 1,6-дан 2,7% - ға дейін, АЭЗ 9,1-ден 15,9% - ға дейін, ал пішеннің химиялық құрамы тиісінше 7,7-ден 11,8% - ға дейін, 27,8-ден 38,9% - ға дейін, 2,7-ден 9,3% - ға дейін, 7,5-тен 11,6% - ға дейін, 41,8-ден 46,7% - ға дейін өзгерді. Бір жылдық мал азықтық дақылдардың тіршілік кезеңіне қарай көк балаусадағы жасұнықтың мөлшері түтікке шығу кезеңінде 7,1-ден 8,4% - ға дейін, шашақтану кезеңінде 7,6-дан 8,4-ке дейін, гүлдену кезеңінде 8,6-дан 10,8% - ға дейін, ал пішенінде тиісінше 27,8 - ден 32,8% - ға дейін, 32,1-ден 37,6-ға дейін, 33,9-дан 38,9% - ға дейін өзгерді. Көк балаусадағы шикі протеиннің мөлшері түтікке шығу кезеңінде 2,7-ден 3,1% - ға дейін шашақтануда 2,8-ден 3,1-ге дейін, гүлдену кезеңінде 2,3-тен 2,9% - ға дейін, ал пішенінде тиісінше 10,5-тен 11,8% - ға дейін, 8,0-ден 10,2% - ға дейін және 7,7-ден 8,9% - ға дейін болды. Бір жылдық мал азықтық дақылдардың пішенінде қорытылатын протеиннің ең көп мөлшері түтікке шығу және шашақтану кезеңдерінде жиналған пішендерде байқалды және олар сәйкесінше 65,0-ден 72,2 г/кг -ға дейін және 73,7-ден 75,7 г/кг-ға дейін болды.