АБРАЗИВТІ ТОЗУДАН ҚОРҒАУ ӘДІСТЕРІ

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2022-123-4-38-45
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада жол-құрылыс, тау-кен, тиеу-түсіру, ауыл-шаруашылық, көлік машиналары мен тасымалдау құрылғыларының, отын және газ өнеркәсібінің бұрғылау жабдықтарының, сондай-ақ басқа да машиналар мен механизмдердің қызмет ету мерзімін шектейтін негізгі факторлардың бірі: механикалық тозулар екенін атап көрсете келе, оның ішіндегі ең маңыздысы абразивті тозу екендігі баяндалады. Заман талабына сай, тозуға төзімді материалдар жалпы жағдайда қандай қасиеттерге сай болу керектігі, абразивті тозудың пайда болу себептері, қарқындығын бәсеңдету әдістері және одан қорғану мақсатында тозуға төзімді қандай материалдар қолдануға болатын түрлері жақсы баяндалған. Сонымен, абразивті тозу жағдайында жұмыс істеуге басқалардан төзімдірек болатын материалдар түрлері атап көрсетілген. Конструкциялық беріктіктің екі негізгі көрсеткіші: балқу шегі немесе пластикалық деформацияға төзімділік пен тұтқырлығы екендігін айта келе, осы көрсеткіштерді арттыру әдістері жақсы баяндалған. Бөлшектердің тозуға төзімділігін арттырудың әртүрлі технологиялық процестерінің бірнеше мысалдарын келтіріліп, оның ішінде балқымалау процестерінің ерекшеліктеріне, яғни артықшылықтары мен кемшіліктерін жекелей айқындап көрсетілген. Бөлшек бетінің тозуға төзімділігін арттыру үшін сапалы жабындарды қалыптастырудың негізгі ескеретін шарттары дәйекті түрде атап көрсетілген. Осы мақалада келтірілген талаптарды ескере отырып, сапалы жабынмен қаптау кезінде негізгі материалының қатты фазасының сақталуын қамтамасыз ететін тәсілдерді қарастыра келе, газды термиялық тозаңбүрку жабындарының технологиясын қолдану тиімді болып табылатынына көз жеткіздік. Бұл әдістің артықшылықтары мен кемшіліктері де жақсы келтірілген. Сонымен бірге, мақалада газ-термиялық тозаңбүрку әдісінің технологиясына тоқтала келе, газ-термиялық жабынмен қаптау технологиясының жалпыланған схемасы да көрсетілген.