Ganoderma және Trametes туысына жататын саңырауқұлақтарын терең өсіру жағдайындағы биомасса синтезі деңгейі бойынша скринингі

2022

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2022bmg4/83-94
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада әртүрлі құрамдағы қоректік ортада биомассаның өсу және жинақталу жылдамдығы бойынша белсенді болып табылатын Ganoderma және Trametes туысы дәрілік саңырауқұлақтарының коллекциялық дақылдары арасында штамдарды іздеуге бағытталған зерттеулер келтірілген. Украина ҰҒА Н.Г. Холодный атындағы Ботаника институтының қалпақты саңырауқұлақтар коллекция-сынан алынған әр түрлі географиялық шығу тегі G. lucidum туысының 27 штамы және Trametes (Fr) туысының 29 штамы зерттелді. Зерттелген штамдардың вегетативті мицелийінің радиалды өсу қарқыны және олардың әр түрлі қоректік ортадағы дақылды-морфологиялық өсу ерекшеліктері зерт-телді. Зерттелген G. lucidum және T. versicolor штамдары арасында көміртекті мен азотты қоректен-дірудің әртүрлі көздері бар орталарда биомассаның жинақталу деңгейі бойынша белгілі бір айырмашылықтары анықталды. Барлық зерттелген дақылдар жұмыста қолданылған көміртегі мен азот көздерінде әртүрлі қарқындылықпен өсе алады. Екі факторлы тәжірибенің дисперсиялық талдауын қолдану штамдардың биологиялық ерекшеліктеріне немесе олардың өзара әрекеттесуі биомасса био-синтезіне және қоректендіру көздерінің әсерін толық нақтылауға мүмкіндік берді. Мицелийалды ко-лониялардың дақылдық-морфологиялық ерекшеліктерін, вегетативті мицелийдің радиалды өсу қарқынын, биомассаның жинақталу деңгейін Trametes (Fr) және G. lucidum туысы саңырауқұлақтарын әртүрлі құрамдағы сұйық қоректік заттардың алты түріне зерттеу негізінде биомассаның жинақталу деңгейі бойынша ең өнімді T. versicolor 353 және G. lucidum1621 штамдары болды. Олар әрі қарай зерттеулер жүргізу үшін таңдалды.