Қазақстан Республикасында халық табыстарын зерттеуде эконометрикалық әдістерді қолдану

2022

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2022ec2/321-331
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақсаты: Қазақстан Республикасы бойынша статистикалық мәліметтерді зерделеу негізінде халықтың ақшалай табыстары мен халықтың ақшалай шығыстары арасындағы өзара байланысты айқындау, сол арқылы оның халықтың өмір сүру деңгейіне әсерін айқындау. Әдісі. Зерттеу жұмыстары барысында нәтижелі көрсеткішке соңғы он жыл деректерін пайдала отырып, корреляциялық регрессиялық талдау әдістері және мәліметтерді талдау кезінде Excel бағдарламасы пайдаланылған. Қорытынды: 2010–2020 жылдар аралығындағы еліміздің статистикалық мәліметтерін өңдеу арқылы халықтың атаулы ақшалай табыстары және халықтың ақшалай шығыстары арасындағы байланыс зерттелді. Тұжырым бойынша халықтың табысы өскен сайын шығыстары да өседі. Осы тұжырым эконометрикалық әдістерінің бірі — корреляциялық регрессиялық талдау барысында дәлелденді. Халықтың ақшалай табыстары мен халықтың ақшалай шығыстары арасындағы байланысты зерттеу барысында олардың тығыздық көрсеткіштері, яғни атап айтсақ, детерминация және сызықтық корреляция коэффициенттері анықталды. Сонымен қатар, авторлар бақылау санын өсіру арқылы талдау нәтижелерін дәлірек анықтады және де Excel бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалану арқылы зерттеу нәтижесін, құрған модельдің сапасына, нақтылығына көз жеткізді. Тұжырымдама: Сонымен, халықтың әлеуметтік жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерді зерттеу барысында статистикалық әдістерді қолдану арқылы табыстар өскен сайын халықтың шығыстары өсетіні дәлелденді. Бұл дегеніміз көптеген мәселелерді шешуге, халықтың әл ауқатылығын арттыруға, денсаулығына дұрыс қарауға мүмкіндік тудыратын фактор десек қателеспейміз, яғни осылардың барлығы халықтың өмір сүру сапасының артуына, оның деңгейінің жақсаруына себеп болатынына көзіміз жетіп отыр.