Ертіс өңірі киелі орындарын зерттеудің тарихи-мәдени аспектілері мен агиотопоним мәселесі

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7255-2022-141-4-84-101
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала Ертіс өңірінің қасиетті орындары – агиотопоним мәселесіне арналады. Шығыста Алтайдан батысында Каспийге дейін созылып жатқан Қазақстан аумағында әулиелердің есімімен аталған жер–су атаулары көптеп кездеседі. Соның ішінде Ертіс өңірінде де әулиелер есімімен байланыстырып қойылған жер аттары жетерлік. Осы орайда, Ертіс өңірі мыңжылдық тарихы бар қазақ халқының қасиетті мекендерінің бірі екенің атап кеткен жөн. Ертіс бойының әулиелі орындарын зерттеу арқылы ғана дәстүрлі діни–нанымдарды сақтай аламыз. Жыр–аңыздарға арқау болған киелі кейіпкерлер, бойына қасиет дарыған әулиелер, олардың жүріп өткен жолдары, агиотопонимдік атаулардың қалыптасуына негіз болды. Халықтың дүниетанымы бойынша әулиелер аяқ басқан жерлер киелі саналатын, ал киелі кейіпкерлерге арнап тұрғызылған ғибадат орындары маңызды мінәжат нысандарына айналған.