Тәуелсіз Қазақстандағы коммеморативтік саясат

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7255-2022-141-4-202-217
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада 90-шы жылдар мен қазіргі уақытқа дейінгі кезеңдегі Қазақстандағы коммеморативтік саясат талданады. Коммеморативтік практикаларды жіктеу барысында белгілі бір іс-шараларды жүзеге асыруда мемлекеттің ішінара қатыстылығы көрсетілген. Билікпен жүргізіліп отырған коммеморативтік саясат қоғамның сұранысына сай жүргізілетіні немесе оның әрі қарайғы ілгерілеу үдерісі мүдделі топтармен «тарихи әділеттілікті орнату» міндетімен жалғасын табылғандығы анықталды. Аталмыш мақалада коммеморация құралдары саналатын мемлекеттік деңгейдегі актілерін саралау арқылы естелік практикаларын төрт түрге жіктеу талпынысы жасалған. Коммеморативтік актілердің жіктелімі мазмұндық құрылымына қарай аталып, әр жіктелімнің репрезентативтілігін дәлелдеу мақсатында кейс әдісі қолданылған. Практикалық кейстерге ұлттық жадыны жаңғыртуға бағыттарған нормативтік актілердің нәтижелігі; көпшілікпен аталып өтілетін мерекелер мен мерейтойлардың идеологиялық маңыздылығы; топонимикалық өзгерістер ықпалы зерделенген. Сонымен қатар, Наурыз мейрамы мен Абай Құнанбайұлының мерейтойын атап өту іс-шараларына ретроспективтік талдау жүргізіліп, олардың идеологиялық маңызы ағымдағы саяси өзгерістермен шартталғаны анықталған. Тәуелсіздік жылдарындағы коммеморациялық практикаларды саралай келе, билікпен ұлттық естеліктерге қатысты жүргізілген актілер, біріншіден, ұжымдық жадыны тасымалдаушы; екіншіден, ұрпақаралық байланысты ұзақ жылдарға біріктіруші; үшіншіден, мүдделі топтар мен халықтың қатысу белсенділігін арттыру арқылы бірегейлікті сақтаушы функциясын атқаратыны анықталды. Мақала тақырыбын зерделеуде естелік саясатын зерделеген ғалымдар Эмиль Дюркгейм, Пьер Нора, Алейда Ассман теориялары, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі және ғаламтордың ашық көздерінде жарияланған бұқаралық ақпарат мәліметтері қолданылған.