Аңдатпа
Мақаланың мақсаты Астана ЖЭО-2 станциясындағы БКЗ-420 қазандығының қыздыру беттерінің абразивті тозу процессі және оны төмендету жолдарын қарастыру болып табылады. Жобада ең абразивті отын түрлерінің бірі – Екібастұз көмірі мысалында көрсетілген.Сонымен қатар әр-түрлі қазандықтардағы ұшпа күлдің дисперсті құрамы жайлы мәліметтер берілген, соған сүйене отырып Екібастұз көмірін өзге отын түрлерімен салыстыра аламыз. Екібастұздың БКЗ-420 қазандықтың қыздыру беттеріндегі абразивті тозу процессіне алдын ала шараларын жасалған. Мақалада белгіленген абразивті тозумен күресу жолдары энергетикада ең қолайлы және экономикалық тұрғыдан ең тиімді болып табылады.