КӨЛІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРДА ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2022-123-4-115-122
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Заманауи логистикалық жобаны жүзеге асыру кезінде оның қандай тәуекелдермен бірге жүретінін анықтау, тәуекелдерді топтастыру және сипаттау маңызды. Тәуекелдерді талдауға, бағалауға және басқаруға байланысты мәселелерді шешу үшін әдістемелік құрал ретінде жүйелік тәсіл пайдаланылды, ол проблемалық жағдайларды, соның ішінде бірінші кезекте жүйеден тыс жағдайларды, яғни сыртқы ортадағы тәуекелге байланысты жағдайларды анықтауды талап етеді. Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы көлік-логистикалық орталықтарына әсер етуі мүмкін ішкі, сыртқы техникалық, технологиялық факторлармен қатар, саяси тұрақсыздық, әлеуметтік шиленістермен экономикалық жағдайды қарастыруында. Сол мақсатта заманауи ақпараттандыру және коммуникация жүйелері негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау үшін тәуекелдер туралы нақты ақпараттар алуында. Тәуекелдерді басқару жүйесін құру көлік-логистикалық орталықтың объектілері мен активтерін, сондай-ақ тәуекелдерді басқару процесін анықтаудан басталуы тиіс деп қорытынды жасауға болады.