АСИНХРОНДЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫҢ ТІКЕЛЕЙ ҚОСЫЛУЫН МОДЕЛЬДЕУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨТПЕЛІ ПРОЦЕССІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2022-123-4-453-462
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада асинхронды қозғалтқыштың математикалық модельдеудің нәтижелері және оның динамикалық процестері келтірілген, сонымен қатар Simulink бағдарламасын қолданып, имитациялық динамикалық процестерді модельдеу қарастырылған. Асинхронды электр жетегінің жүйесінде жылдамдықты басқарудың тиімділігі қозғалтқыштың жұмыс режимдерінің тұрақтылығының кіші диапазонымен шектеледі, оның функционалдығын техникалық талаптарға байланысты әртүрлі кері байланыстарын пайдаланып атап айтқанда жылдамдық, кернеу және статор тогын қолдана отырып кеңейтуге болады. Мақалада келтірілген математикалық және имитациялық модельдер өтпелі процестерді зерттеуге мүмкіндік береді, соның негізінде жүктеменің динамикалық көрсеткіштер әсеріне талдау жүргізіледі. Алынған статистикалық және динамикалық сипаттамалардың нәтижелері жүргізілген есептеулердің дұрыстығын, электр жетегі жүйесінің дұрыс анықталған параметрлерін және асинхронды қозғалтқыштың статор жылдамдығының, моментінің және тогының өтпелі процестерін ескере отырып, оны одан әрі оңтайландырудың функционалды мүмкіндігін растайды.