САПАНЫ МОНИТОРИНГІЛЕУДІҢ МОБИЛЬДІ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕСІН ЖАСАУ

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2022-123-4-235-244
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ауа сапасын мониторингілеудің мобильді жүйесі (АСММЖ) әзірленіп, жүзеге асырылды. Жүйе (немесе АСММЖ) негізгі екі бөліктен тұрады: деректерді өңдеудің біртұтас сервері және ақпаратты жинау құрылғылары. Таратқыш ATmega328 микробақылау базасында құрылған. Жұмысы Wi-Fi желісіне тәуелді AСММЖ құрамдас құрылғылары үшін ESP8266 микробақылау базасында таратқыш пайдаланылды. Соңғысы 802.11n стандарты бойынша тұрақты қосылымды қамтамасыз етеді. Бұл стандарт қоршаған орта деректерін жинау құрылғылары мен MQTT сервері арасындағы негізгі деректерді беру хаттамасы болып табылады. Енгізілген AСММЖ-де деректерді өңдеу сервері MQTT хаттамасы арқылы барлық құрылғылардан әрбір датчиктің жай-күйі және қоршаған ортаның ластануымен қатар жүретін жерлерде құрылғының орналасуы туралы ақпаратты алады. Барлық деректер уақытша белгілермен сәйкес пішімде сервердегі дерекқорға белгілі бір мерзімде жазылады. Сақталған деректерге қол жеткізу үшін веб-браузері бар барлық құрылғылардан AСММЖ басқаруға мүмкіндік беретін WEB интерфейсі пайдаланылады.