Аңдатпа
Жоғарыдан төмен қарай қазатын ротормен топырақты өңдеу процесі топырақты өз салмағының әсерінен бұзу және жаппай құлату әдісі арқылы пышақтармен массивтен бөлу принципіне негізделген. Жаппай құлаған топырақ жұптасып орналасқан пышақтармен науа бойынша шығарылады да, инерция күштері мен топырақ салмағының әсерінен конвейерге түсіріледі.Осылайша, қазудың жалпы энергия сыйымдылығы кесудің энергия сыйымдылығынан және топырақты конвейерге түсіретін кесу профилі бойынша тасымалдаудың энергия сыйымдылығынан тұрады. Бұл жұмыста авторлар жылдам қазуды зерттеу нәтижелерін келтіреді және жылдамдықтың әсерін ескере отырып, топырақты инерциялық ротормен (ИР) тасымалдау процесінің энергия шығындарын анықтау әдістемесін ұсынады. Жұмыста қазу процесінің меншікті энергия сыйымдылығының қазбаны өңдеу кезіндегі жылдамдыққа тәуелділігінің графигін ұсынылған. Бұл графиктен ротор жылдамдығының 2-ден 9 м/сек-қа дейін өзгеруі аралығында қазу процесінің (пышақтар екі қатарлы) меншікті энергия сыйымдылығының 84% - ға, кесу процесінің (пышақтар бір қатарлы) 58% - ға артатынын көруге болады.