Аңдатпа
Мақалада түркі фразеологизмдері құрамында сақталып қалған түрліономастикалық атаулардың, яғни, жалқы есімдердің қыр-сыры сөзболады. Ономастикалық атаулардың тұрақты сөз тіркестерінде, оныңішінде түрлі тақырыптардағы мақал-мәтелдер мен фразеологизмдердің,қанатты сөздердің құрамында тұрақталып қалуы кездейсоқ емес. Оларәрбір халықтың өзіндік ерекшелігін, ұлттық болмысы мен танымын,бастан кешкен тарихын танытатын ерекше тілдік бірліктердің тобынқұрайды. Демек, түркі фразеологизмдерінің құрамында кездесетін әрбірономастикалық атау сөзсіз түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіжайлы мол ақпарат көзін сақтап қалып отыр. Бүгінде біз ол атаулардыңтарихын туыстас түркі халықтары тілімен салыстыра қарастырғанда ғанаайқындаймыз. Мұндай салыстырмалы зерттеулер түркітану ғылымы үшінаса маңызды. Тақырыптың өзектілігі түркі тілдерінің лексика қабатын өзішінен салыстыра зерттеу мәселесі басқа салаларға қарағанда кенжелеуқалып келе жатқанымен де байланысты болып отыр. Туыстас түркі тілдеріфразеологизмдеріндегі жалқы есімдердің қолданыс уәжділігін түркіхалықтарының тарихы мен мәдениеті аясында қарастыру да мақаламыздыңбасты бір мақсаты болып саналады. Осыған орай бұл мақаламызда бізқазақ халқымен жақын туыстас ноғай, татар, башқұрт, түрік халықтарыныңтіліндегі түрлі оралымдар құрамында қалған ономастикалық атаулардыңқатарын құрайтын антропонимдерді, топонимдер мен кейбір этнонимдікатауларды салыстырмалы зерттеу әдісімен тарихи тұрғыдан талдаймыз.