ЖАНУАРЛАР ҚҰТЫРЫҒЫНА ҚАРСЫ «RHАBDOVAС®» ВАКЦИНАСЫНЫҢ ИММУНОГЕНДІ БЕЛСЕНДІЛІГІН ӨНДІРІСТІК ЖАҒДАЙДА ЗЕРТТЕУ

2022

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37884/4-2022/05
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ғылыми зерттеу тақырыбы жануарлар құтырығына қарсы «Rhabdovac®» вакцинасының иммуногенді белсенділігін өндірістік жағдайда анықтауға арналған. Жұмыстың негізгі мақсаты антирабиялық «Rhabdovac®» вакцинасының иммуногенді қасиетін жануарларға өндірістік сынақтар жүргізу арқылы анықтау, вакцинаның иммуногенді белсенділігі антирабиялық вирустық бейтараптау реакциясы арқылы антиденелердің өндірісін индукциялау қабілеті бойынша сынақтан өткізу болып табылады. Ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу барысында «Антиген» Ғылыми-өндірістік кәсіпорнының мал шаруашылық фермасында жануарлар құтырығына қарсы инактивацияланған сұйық «Rhabdovac®» вакцинасы 4-12 айлық жастағы 5 бас қойға бір рет егілді (сынақ хаттамасы №33, 14.07.2019 ж), және нәтижені салыстырмалы анықтау үшін референс ретінде алынған «Biocan-R» вакцинасы 4-12 айлық жастағы 5 бас қойға егіліп, бақылау ретінде дені сау, вакцинацияланбаған 5 бас қой алынып, тәжірибе жүргізілді. Зерттеу алдында қойларда құтырыққа вирусты бейтараптандыратын антиденелердің бар-жоғы анықталды. Сондай ақ, келесі зерттеуімізде «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының вивариінде иммуногенді белсенділігі 2,0 ХБ/мл құрайтын «Rhabdovac®» вакцинамен 2 - 5 айлық 4 итке тері астына 1,0 см3 дозада егіліп, 12 ай ішінде иммуногенді белсенділігі вирусты бейтараптау реакциясындағы титрі динамикасы зерттелді (сынақ хаттамасы №29, 07.02.2020ж). Жүргізілген ғылыми – зерттеу жұмысының нәтижесінде құтырыққа қарсы «Rhabdovac®» вакцинасын жануарларға өндірістік жағдайда иммуногенді белсенділігін вирусты бейтараптау реакциясы арқылы анықталды.