ҚОР САҚТАУШЫ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ӨСІРІЛГЕН КҮЗДІК БИДАЙДЫҢ ФОТОСИНТЕТИКАЛЫҚ ӨНІМДІЛІГІ

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2022.4.1241
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Зерттелген мəліметтер бойынша, ресурсүнемдеуші технологияларда күздік бидай егістігінде минералды тыңайтқыштарды рационалды қолдану ресурс үнемдеуші технологияларда суарылатын ашық қоңыр топырақта оның фотосинтетикалық әрекеттілігіне айтарлықтай оң əсер еткені байқалды. Суармалы жағдайда күздік бидайдың қор сақтаушы технолгиямен өсірілген интенсивті типтегі сорттарының фотосинтетикалық қызметін зерттеу өсімдіктің өнімділік процесін мақсатты түрде басқарып, жоғары әрі қалыпты өнім алуға мүмкіндік берді. Ресурс үнемдеуші технологиямен өсірілген дақылдарға минералды тыңайтқыштардың оңтайлы мөлшерін беру өсімдіктерге ылғалды тиімді қолдануға және жапырақ аппаратының жоғары қалыптасуына мүмкіндік беретін физиологиялық процесске себепші болады. Яғни күздік бидайдың интенсивті сорттарының фотосинтетикалық қызметін зерттеу -өсімдіктің өнімділік процесін мақсатты түрде басқарып, жоғары әрі қалыпты өнім алуға мүмкіндік берді. Өнімділігі бойынша ерекшеленетін күздік бидай сорттарын еліміздегі тауар өндірушілерге өндіріске ендірулеріне ұсыныс береміз.