«ЦЕОБАЛЫҚ» ПРЕБИОТИГІН ЖАЙЫН БАЛЫҚТАРЫНЫҢ (CLARIAS GARIEPINUS) НЕГІЗГІ РАЦИОНЫНА ҚОЛДАНҒАН КЕЗДЕГІ ӨСУ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2022.4.1239
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада жайын балықтарының негізгі ас үлесіне «Цеобалық» пребиотигін қосу кезіндегі балықтардың өсу көрсеткіштері мен физиологиялық жағдайын зерттеу нәтижелері берілген. Тәжірибелік зерттеулер «TENGRYFISH» ЖШС-де жүргізілді. Бақылау тобының негізгі азығының құрамына пребиотикалық азықтық қоспа қосылмады, ал қалған екі тәжірибелік топтардың негізгі азығына «Цеобалык» пребиотигі 5% және 10% мөлшерде қосылды. Зерттеу жұмысының ұзақтығы 61 тәулікті құрады. Жұмыстың алынған нәтижесі негізгі азық құрамына пребиотикті азықтық қоспаны қосып балықтарды қоректендірген топтардың өсу көрсеткіштері жоғары болғанын және физиологиялық күйлері жақсы болғанын көрсетті. Пребиотик қосылған азықпен қоректенген балықтардың тәжірибелік топтарының абсолютті өсімі бақылау тобымен салыстырғанда 4,9% және 13,6% жоғары болды. Екінші топтағы балықтардың өмір сүру қабілеті 96%-ды құрады. Алынған қорытындылар бойынша «Цеобалык» пребиотигін балықтардың негізгі азығына 5% мөлшерде қосу оңтайлы болатындығы анықталды. Зерттеу жұмысы бойынша алынған нәтижелер «Цеобалык» пребиотигін балықтардың негізгі рационына пребиотикалық азықтық қоспа ретінде қолдануға болатындығын және пребиотиктің жайын балықтарының ағзасына оң әсер ете алатындығын көрсетті.