ЖАЗДЫҚ АРЫШ (Camelina sativa L. Grantz) ДАҚЫЛЫН САҢЫРАУҚҰЛАҚ АУРУЛАРЫНАН ҚОРҒАУ

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2022.4.1205
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Зерттеу жұмыстары 2018-2020 жж Ақмола облысы, Сандықтау ауданына қарасты «Каменка и Д» ЖШС-де жүргізілді. Зерттеу нысаны жаздық арыштың Исилькулец сорты болды. Арыштың фузариоз және альтернариоз тектес саңырауқұлақтар тудыратын ауруларына қарсы пиктор фунгициді мен экстросол биологиялық препараты қолданылды. Арыш ауруларына қарсы қолданылатын Мемлекеттік реестрде бір де бір фунгицид жоқ болғандықтан тәжірибемізде Пиктор фунгициді мен Экстросол биологиялық препараты зерттелді. Тәжірибеден өткен препараттар Fusarium және Alternaria тектес саңырауқұлақтар тудыратын ауруларға қарсы тиімділігін көрсетті. Экстрасол препаратының тиімділігі 61,2-77,1%; пиктор препаратының тиімділігі 74,1- 82,0% көрсетті. Солтүстік Қазақстанның қара топырақты аймағында өсірілген жаздық арышты (Исилькулец сорты) Fusarium, Alternaria фитопатогенді саңырауқұлақ түрлері залалдайтыны анықталды. Аурулардың даму динамикасы аймақтағы жауын-шашынның түсімі, ауа ылғалдылығы мен ауа температурасына тікелей байланысты болды.