Аңдатпа
Зерттеудің мақсаты: COVID-19 пандемиясы кезінде Академик Батпенов Н.Ж.атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының жанынан құрылған провизорлық стационардың медициналық қызметкерлерінің психоэмоционалдық жағдайына тигізетін әсерін бағалау.Әдістері.Бұл бір реттік көлденең зерттеу жұмысы 2021 жылдың жаз айларында Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының жанынан құрылған провизорлық стационарда жүргізілді.Сауалнамаға қатысқан респонденттердің (n=42) орташа жасы -32,2 (SD=12,5) құрады.Сауалнама сұрақтары HADS және кәсіби күйзелісті анықтауға бағытталған Маслач сауалнамасына сүйене отырып, Google платформасында авторлар құрастырған 12 сұрақтан тұрды.Нәтижесі.Провизорлық стационарда жұмыс жасайтын орта медициналық қызметкерлердің психоэмоционалды күйзеліске жиі түсетіні анықталды.Күйзеліс белгілерінің кездесу жиілігі медициналық қызметкерлердің жынысына байланысты болмады, дегенмен, әйелдерде жиірек байқалды (χ2=14,6, p<0,001).Қорытынды.COVID-19 пандемиясы жағдайында жұмыс жасайтын дәрігерлер және кіші медициналық қызметкерлермен салыстырғанда орта медициналық қызметкерлер психоэмоционалды күйзеліске бейім болуы ықтимал.Жұмыс барысында жеке қорғаныс құралдарын қолданудан туындаған қолайсыздықтар, өзіне немесе отбасы мүшелеріне COVID-19 инфекциясын жұқтырып алу қаупінің жоғары екендігін түсіну психоэмоционалды күйзеліске алып келетін басты факторлар ретінде танылды.