Аңдатпа
Бұл мақаланың мақсаты шығындарды азайту бойынша оңтайлы параметрлері бар магистралды құбыр желісіндегі сорғы станцияларында қолданылатын энергия үнемдейтін жиілікті реттейтін асинхронды қозғалтқышты құру болып табылады. Осы мақсатта статор орамасының қадамын қысқарта отырып, қысқа тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыштың электр шығынын азайту жолдары қарастырылды.Статор орамасының оңтайлы қадамын шығындарды барынша азайту үшін іздеу берілген қуаттың тұрақтылығы, айналу жылдамдығы, негізгі көлемнің өзгермеуі, ауа саңылауындағы магниттік индукция және статор орамасындағы мыстың массасы жағдайында жүргізілді.Есептелген қадам бойынша болуы ықтимал шығынның мәні есептеліп, расталған. Ортадан тебетін жүктемеге бағытталған асинхронды қозғалтқыштың статор орамасының қадамын және геометриялық өлшемдердің қатынасын энергия тиімділік мақсатында оңтайлы математикалық аппарат дайындалды. Статор орамасында қуат шығынын азайту үшін асинхронды қозғалтқыштарға бағытталған геометриялық параметрлерді оңтайландыру ұсынылады.