Аңдатпа
Автомобиль көлігіндегі нарықтық қатынастардың мақсаттық және жоспарлы дамуы оның жағдайын тұрақты бағалауды және одан ары қарай дамыту жолдарын анықтауды қажетті етеді. Қазақстан Республикасының экономикасы өзінің дамуындағы заманауи жағдайларда бірінші кезекте халық шаруашылығының барлық салаларында дерлік нарықтық қатынастардың белсенді қалыптасуымен сипатталады. Бірақ, аталған үдеріс мемлекеттің экономикасының ең маңызды салаларының бірі болып табылатын автомобиль көлігіне елеулі дәрежеде әсер етті. Соңғы кездері автомобиль көлігінде шаруашылық жүргізуші субъектілерінің санының күрт өсуі байқалады, және аталған саланың қарқындап өсуі олардың қызметтерінің сапалық және сандық тұрғыдағы жақтарының тиісті өзгерістерінің орын алуына алып келіп отыр. Автокөлік құралдарының жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеу бойынша қызмет көрсету нарығының заманауи жағдайын талдау мақсатында жүргізілген ғылыми зерттеулер аталған қызметтерді көрсетуші субъектілердің қалыптасқан жағдайын, өндірістің заманауи талаптарға сәйкес келетін дайындығы өлшемшарты бойынша, анықтау сипатындағы маңызды міндетке ие. Сонымен қатар елімізде автокөлік құралдарының жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бойынша көрсетілетін қызметтерді сертификаттаудың қалыптасып отырған жүйесі кәсіпорындар арасында аталған жұмыстардың міндеті белгісі бойынша кейбір айырмашылықтардың бар болуын қарастырмайды.