Аңдатпа
Мақалада қатты отыннан жанғыш газдарды алу технологиясы және оларды жүзеге асыру әдістері туралы жалпы ақпарат талқыланады. Барлық технологиялық процестер энергияны және материалдық ресурстарды пайдалануға, оларды жұмсауға негізделді. Энергия тасымалдаушыларға және шикізатқа деген қажеттіліктің артуы, қоршаған ортаның ластануы планеталық масштабта өзекті болуы - энергетикалық технологияның аз қалдықты және қалдықсыз технологияларын қарастыруды талап етеді. Реттік материалдық ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері туралы да ақпараттар көрсетілді. Оларды шешу сектораралық білім мен тәсілдерді керек ететіндігі жайында да қозғалған. Сонымен қатар, қатты отынды ұсынылып отырған қондырғыда эксперимент жүргізу барысында алынған нәтижелер келтірілді.