ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ

2022

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2022.2518-1467.301
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада цифрлық білім беру ресурстарын білім беруде қолдану тәсілдері сипатталған. Ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты, адамзат өмірінің барлық салалары цифрландырумен өзара байланысты болды. Бүгінгі күнде ғылыми мақалаларда, бұқаралық ақпарат құралдарында «цифрлық технологиялар» деген сөз тіркесі жиі кездеседі. «Цифрлық» термині - латынның Digitus сөзінен шыққан, ол «саусақ» дегенді білдіреді. «Саусақ» санау құралдарының ең алғашқы түрлерінің бірі болып табылады және осыдан сандық жүйелерді көрсету үшін дискретті мәндер аймағы пайда болады. Ақпаратты сақтау, алмасу немесе сандық түрде жіберу кезінде ол ең қарапайым машиналық деңгейдегі «нөл және бір» сияқты сандарға айналады. Сандық технологияларды білім беруде қолдану идеясы ақпараттық технологиялардың дамуы басталғаннан кейін бірден пайда болды. Бұл кезеңде цифрлық технологияларды қолдануды теориялық және практикалық міндеттермен қатар оқу-әдістемелік құжаттамамен байланыстырудың маңызы зор. Мақалада цифрлық білім беру ресурстарының оқу процесіне енгізу кезіндегі мүмкіндіктері, сонымен қатар туындауы мүмкін мәселелерге шешім кеңестері сипатталған.