АЛМАНЫҢ ҚАН ҚЫЗЫЛ БІТЕСІНЕ (ERIOSOMA LANIGERUM) ҚАРСЫ ПАРАЗИТ APHELINUS MALI АРҚЫЛЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРҒАУДА КЕШЕНДІ КҮРЕСУГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ШЕШІМДЕРДІ ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІ

2022

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37884/2-2022/09
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Алманың қан қызыл бітесі Eriosoma lanigerum (Homoptera: Aphidiae) дүние жүзіндегі алманың маңызды зиянкесі. Белгілі бір кең спектрлі инсектицидтерді қолданыстан алып тастағаннан бері E. lanigerum алма өсіретін аймақтардағы ең маңызды зиянкестердің біріне айналды. Қазіргі уақытта қан қызыл бітесі популяциясын тиімді басқару химиялық күресу әдістері мен пайдалы жәндіктердің , әсіресе оның негізгі ерекше табиғи жауы, паразит Aphelinus mali (Hymenoptera: Aphelinidae) арқылы биологиялық басқару арасындағы жақсы синергияға негізделген. Білімге негізделген шешімдерді қолдау жүйесін әзірлеу үшін екі түрдің де егжей-тегжейлі мониторинг деректері далада (Алматы облысы) он жыл бойы (2010–2020) жиналды. Aphelinus mali ұшулары бақшада алманың гүлдену алдында басталып, ең аз дегенде екінші ұрпақтың ұшуы аяқталғанға дейін жалғасты . E. lanigerum өсірудің маңызды кезеңдерінің пайда болуы, мысалы, жүн түзіп басталуы немесе көктемгі әрекеті және жорғалағыштардың колониялардан гүл шоғырларына немесе өркендерге көшуі мұқият бақыланды. Барлық алынған ақпараттар тарихи және әдеби деректермен салыстырылды және популяция динамикасының фенологиялық үлгісінде талданды. Біздің нəтижелеріміз əзірленген модель арқылы бірінші буындағы ересек A. mali (алғашқы паразиттік белсенділік үшін маңызды жəне маусымның жалғасында А. mali ұрпақтарын жалғастыру үшін негіз) пайда болуын нақты болжауға болатындығын болжады . Демек, бұл ақпаратты далалық сынақтың нәтижелері көрсеткендей, дәл осы сәтте зиянды әсерлері бар инсектицидтердің бүркуін тоқтату үшін пайдалануға болады. Сонымен қатар, E. lanigerum жорғалағыштарының гүл шоғырларына немесе жаңа өскіндеріне қарай қоныс аударуының басталуы модель арқылы дәл болжанады. Қорытындылай келе, біздің нәтижелеріміз модельді E. lanigerum-ды оның негізгі табиғи жауының максималды биологиялық күресу арқылы тиімді бақылауға қол жеткізу үшін бақылау процедураларының қолайлы мерзімдері үшін шешімдерді қолдау жүйесі үшін пайдалануға болатындығын көрсететті.