Аңдатпа
Мақалада ТКТ - АҚ жүйе түрінде басқарылатын көп қозғалтқышты асинхронды электр жетегі ұсынылған. Асинхронды қозғалтқыштардың жалпы жылдамдықтары арқылы көп қозғалтқышты асинхронды электржетегінің кері байланысты тұйықталған құрылымдық сұлбасы келтірілген. Реттелетін айнымалы электржетегінің жүйесі сызықты емес түзеткіш құрылғы енгузімен ерекшеленеді, ол өзіндік бапталу қасиетіне ие. Аталып отырған ТКТ - АҚ жүйесінің үлгісі бағдарламада тұрғызылды. Matlab алгоритмдік тілінде электржетек қозғалысының тұрақтылығын анықтайтын бағдарлама жасалды. Тұйықталған көп қозғалтқышты асинхронды электржетегінің және бір қозғалтқышты асинхронды электр жетегінің беріліс функцияларының теңдеулері мен сипаттамалық түбірлері келтірілді. Теңдеулердің нәтижелері ұсынылды. Алынған нәтижелер негізінде жылдамдық және моменттің өтпелі үрдістерінің сипаттамалары тұрғызылды. Сипаттама жүйенің тұрақты жұмыс жасайтынын көрсетеді.