Аңдатпа
Зерттеудің мақсаты: балаларды ортопедиялық хирургиялық араласуға дайындау үшін мейіргерлер жүргізетін шаралардың тиімділігін бағалау.Әдістері: Зерттеуге 7-12 жас арасындағы 31 бала қатысты.Ауруханаға түскен күні қатысушылардың жүрек соғу жиілігін, қан қысымын, температурасын өлшеу жүргізілді.Хирургиялық араласу күні баланың Anxiety Meter-State (CAM-S) мазасыздығын өзін-өзі бағалау шкаласы, жүрек соғу жиілігін, қан қысымын өлшеу ұсынылды.Отаның алдындағы кезеңде Children's emotional management scale (CEMS) шкаласының көмегімен бақылау жүргізілді.Ұсынылған шкала қазақ тілінде валидацияланды.Нәтижесі.Зерттеу жүргізілген, CAM-S шкаласы бойынша зерттеуге алынған 31 баланың 21-інде (67,7%) жоғары мазасыздық көрсетті.CEMS шкаласы 27 балада (87,09%) -орташа, 4 балада (12,9%) -жоғары ашушаңдық пен мазасыздықты көрсетті.Зерттеу жұмысын жүргізу барысында біз науқас балаларда хирургиялық араласу алдында және анестезиядан кейін жағымсыз эмоционалдық бұзылыстар туындайтынына көз жеткіздік.Қорытынды.Ортопедиялық хирургиялық араласу алдында балаларға арнайы психологиялық дайындық керек деген шешімге келдік.Мейіргерлер науқас балалардың жай-күйін хирургиялық араласу алдында психологиялық тұрғыдан бағалай отырып, алдын ала дайындықтан өткізу керек.