INCENTIVES AND SALARIES IN THE CIVIL SERVICE

2022

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52260/2304-7216.2022.3(48).42
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада мемлекеттік қызметтегі ынталандыру жүйесінің қазіргі жағдайы сипатталып, мемлекеттік қызметшілердің уәждеу бойынша ұсыныстар жасалынды. Әдебиеттерді шолу кезінде мемлекеттік қызметтегі заңнамалық актілер мен «ынталандыру» терминінің психологиялық, әлеуметтік пен басқару тұрғысынан көрсетіліп, бір ортақ анықтама шығарылды. Мемлекеттік қызметтегі ынталандыру түрлері, адамдармен мемлекеттік қызметті таңдау қажеттіліктері көрсетіліп, «ең тұрақты» қызмет санатына жататыны айқындалды. Мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы қорында есепке алынатын категориялар қарастырылып, мемлекеттік басқару органдарының еңбекақы көлемінің 1995-2020 жж. аралығындағы динамикасы талданған. Зерттеу барысында мемлекеттік қызметтегі қызметкерлердің еңбекақысының өзгеруіне қандай факторлар әсер ететіні регрессиялық талдау арқылы анықталды. Факторлар ретінде мемлекеттік басқару орган қызметшінің еңбекақысына жан басындағы ЖІӨ көлемі, қызметшілер саны мен мемлекеттік қызметті қаржыландыру көлемі таңдалған еді. Экономикалық модельдеу негізінде регрессиялық теңдеу шығарылған. Мемлекеттік басқару органдарының қызметшілердің еңбекақы көлемінің болжамын динамикалық қатарлар негізінде анықталған еді. Тренд әдісі арқылы мемлекеттік басқару органдары қызметкерлердің орташа еңбекақы көлемінің болжам жасалынған. Талдау нәтижесі көрсеткендей елімізде еңбекақы төлеуде енгізілген рейтингтік жүйенің қызмет ету механизмі мемлекеттік қызметшілерді нәтижелі және сапалы қызмет атқаруға ынталандыру қажет. The article describes the current state of the incentive system in the Civil Service and makes recommendations on the motivation of civil servants. In the review of the literature, one common definition was drawn up, reflecting the legal acts in the civil service and the term "incentive" from the point of view of psychological, social and managerial. The types of incentives in the civil service, the need for people to choose a public service, and the category of "most stable" services are defined. The categories included in the salary fund of civil servants are considered, and the amount of remuneration of Public Administration bodies for 1995-2020 is determined. analysis of the dynamics of the development of In the course of the study, it was determined by regression analysis what factors influence changes in the salary of civil service employees. As factors, the state administration body chose the amount of GDP per capita for the salary of an employee, the number of employees, and the amount of funding for the civil service. Based on economic modeling, the regression equation is derived. The forecast of the salary of employees of Public Administration bodies was determined on the basis of dynamic series. According to the trend method, a forecast of the average salary of employees of Public Administration bodies is made. As the results of the analysis show, the mechanism of functioning of the rating system introduced in the country for remuneration should encourage civil servants to perform productive and high-quality services.