Аңдатпа
Мінсіз емес тербелмелі мойынтіректердің кинематикалық қатынастары қарастырылған. Белгілі шамалар мен шариктердің белгісіз бұрыштық жылдамдықтары арасындағы қатынастарын анықтауға арналған кинематиканың есебі шығарылған. Шарикті мойынтірек элементтерінің бұрыштық жылдамдығы анықталған. Гироскоп роторының белгілі бұрыштық жылдамдығында және статордың бұрыштық жылдамдығы нөлге тең болғанда, сепараторларды ротор мен статорға қатысты центрлегенде мінсіз емес тербелмелі мойынтіректер үшін шариктердің және сепаратордың бұрыштық жылдамдығы анықталған. Ішкі сол сияқты сыртқы сақинаға қатысты шариктің иірілуінің бұрыштық жылдамдығы анықталған. Шариктердің тірек элементтерінен сырғуы болмауының шарты алынған.