ШАРЛЫ ГИРОСКОПТЫҢ СФЕРАЛЫҚ ШАРИКТІ МОЙЫНТІРЕКТІ АСПАСЫНДАҒЫ ИІРІЛУ ЖӘНЕ ТЕРБЕЛУ МОМЕНТТЕРІ

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2022-122-3-58-65
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада өстік дебалансқа және ротордың кінәрәтсіз сфера болмауынан пайда болатын күштер моменттерінің консервативті құрамдас бөліктері анықталғаны көрсетілген. Үлкен керіліс пен шамадан тыс жүктеме әсерінен шариктердің шар гироскопындағы сақиналармен түйісуінен туындаған "құрғақ" үйкелістің ауытқу моменттерінің өрнегі алынған. Тербелмелі үйкеліс моменті, иірілу және түйісу жүктемесі арасындағы байланыстар анықталған.Шарикті мойынтіректердегі сфералық кинематикалық жұптармен жабдықталған аспаптардың жұмысы кезінде кинетикалық моментке перпендикуляр, ауытқу моментін тудыратын азимутальды қателер байқалатыны көрсетілген. Анықталған ауытқу моменттері бағыт, тұрақтану және навигациялық гироскоптық жүйелерде қолданылатын аспаптар мен жабдықтардың қателiктерін жоюға және қызмет мерзiмiн ұлғайтуға, дәлдiгін және жұмыс жылдамдықтарын арттыруға мүмкiндiк бередi.