БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ ӨЛКЕЛІК КОМПОНЕНТТІ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2022

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48081/dsos8964
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

"Білім беруді модернизациялаудағы өткір мәселе педагог кадрларды даярлау жүйесіндегі өзгерістер болып табылады, оның ішіндегі маңызды аспектілерінің бірі болашақ мамандарды әдістемелік тұрғыдан даярлауды жетілдіру болып табылады. Білім алушы оқу үрдісіндегі басты субъект болғандықтан назардың барлығы оның тұлға ретінде қалыптасып, дамуына аударылады. Осы тұрғыдан алғанда бiлiм берудi дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жалпы білім берудің басым бағыттарын, яғни оқушы мен мұғалімнің өзара ынтымақтастығы үлгісін оқу үрдісінде қалыптастыру, оның оқыту әдістерінің үйлесімділігі негізінде жүзеге асырылуын анықтап беріп отыр. Бұл басым бағыттар мектепте жаратылыстану пәндері бойынша экологиялық білім беруді жетілдіруге негіз болады. Педагогикалық процесте биолог студенттерді әдістемелік даярлау жүйесі өлкелік компоненттің оқытылуына назар аударады. Осы төңіректе қазіргі кезде білім беру жүйесінде табиғат заңдылықтары мен қоғам заңдары туралы білім беру жеткілікті түрде байқаудан өткізілген, ал табиғат пен қоғамның өзара байланысы және олардың бір-бірімен үйлесімділік заңдылықтары туралы білім беру әлi де болса жете зерттелмегендігiн көрсетiп отыр. Өйткені бүгінгі күнгі табиғат туралы білімді талдауға негізделген экологиялық білім беру халықтың көзқарасын табиғаттың бүлінушілік тенденцияға қарай кетіп бара жатқандығын түсіндіруге жеткіліксіз болды. Бұл экологиялық білім мен тәрбие берудің философиясы мен әдіснамасын дүние және ондағы адамның орны туралы жаңа, біртұтас түсінікке негіздеп қайта құруды қажет етіп отыр. Мақалада Қызылорда өлкесіндегі лалагүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің таралуы бойынша білім алушыларға сауалнама жүргізіліп, лалагүлділер тұқымдастарының табиғаттағы, әсіресе, адам өміріндегі практикалық маңыздылығы туралы сауалнама жүргізіліп, өлкелік компонент туралы білім деңгейі анықталды. Білім алушылардың жауаптары 4 деңгейлік шкала бойынша бағаланды. Сонымен қатар, лалагүл тұқымдасының өсімдіктерінің практикалық маңызы туралы өлкетану туралы білімі қалыптасқандығы туралы ақпарат келтірілген. Әр мектепте модуль блоктарының белгілі бір саны оқылғаннан кейін, жүргізілген тестілеу бойынша мәлімет талданған. Білім алушылардың жаңа оқыту технологиясы ретінде модульдік білімге деген көзқарасын анықталған. Мұндай білім беру оқушыларға адам, қоғам және табиғаттың өзара әсерінің негізгі ұстанымдары мен заңдылықтары туралы білімді кеңейтіп беруді талап етеді. "