ТҰҚЫНЫҢ МОЛЕКУЛАЛЫҚ-ГЕНЕТИКАЛЫҚ ТАЛДАУЫ

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2022.3(114).1164
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Біздің елімізде балықтардың популяциясын молекулалық-генетикалықдеңгейде зерттеу бастапқы кезеңде. Құнды балық түрлерінің ядролықмикросателлиттік ДНҚ-маркерлері бойынша қалыптастырылатын деректербазасы жобаны орындау нәтижесінде балықтардың генетикалық полиморфизмітуралы деректерді және жасанды түрде молайту үшін жаңа биотехнологиялықтәсілдерді құру мүмкіндігін ұсынады. Молекулалық-генетикалық зерттеужүргізу мақсатында Қарағанды балық питомнигінен тұқы балық отырғызуматериалының үлгілері алынды. Сынамалар тірі балықтардың кеуде қанатыныңфрагментін кесу арқылы алынды және 96% этил спиртінде бекітілді. Тұқыныңмикросателлиттік локустарының аллельдік полиморфизмін анықтау бойыншазерттеулер жүргізілді. Сыналған микросателлиттік праймерлердің ішіненполиморфты болып келесі бес жұп анықталды: Cca30, Koi49-50, Koi75-76,Hlj1080, Hlj1123. Тұқының генетикалық әртүрлілігін зерттеу үшінолигонуклеотидті праймерлер талданды және таңдалды. Қарағанды балықпитомнигіндегі тұқы балық отырғызу материалынан ДНҚ бөлініп тазартылды,оның сапасы агарозды гельмен электрофорезде тексерілді. Зерттеу нәтижесібойынша тұқыға генетикалық талдау жасау үшін полиморфты локустар панелі,сонымен қатар микросателлиттік аллельдердің өлшемі мен кездесу жиілігіанықталды. ҒЗЖ-ның техникалық-экономикалық деңгейін осы саладағы үздікжетістіктермен салыстыру нәтижесінде молекулалық-генетикалық әдістердіпайдалана отырып, балықтардың шаруашылық маңызы бар түрлерінің гендікқорын зерттеу балық шаруашылығын дамытудың маңызды міндеттерінің біріболып табылатыны анықталды. ДНҚ тізбегін талдау, микросателлиттіклокустардың аллельді полиморфизмі негізінде популяциялардың генетикалыққұрылымын зерттеп, аквакультурада жасанды балық өсірудің дамуына ықпалетуге болады.