КҮЗДІК БИДАЙ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ҚАТТЫ ҚАРА КҮЙЕГЕ (TILLETIA CARIES (DC.). TUL) ТӨЗІМДІЛІГІН АНЫҚТАУ

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2022.2(113).1041
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Күздік бидай үшін аса қауіпті аурулардың бірі қатты қара күйе, оның қоздырғышы Tilletia caries (DC.). Tul. Қатты қара күйемен залалданған бидайдың сапасы күрт төмендеп кетеді тіпті ол мал азықтық жем шөп ретінде де пайдалануға жарамсыз болып қалады. Қатты қара күйе аурумен күресудің ең тиімді әдісі генетикалық қорғану, ол қатты қара күйеге төзімді бидай үлгілерін өндіріске енгізуге мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысының мақсаты қатты қара күйенің Tilletia caries (D.C.). Tul. патогеніне бидай үлгілерін сынап, төзімділерін іріктеп алу. Зерттеу жұмысының барысында мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер алға қойылды. Олар: Tilletia caries (D.C.) Tul. & C. Tul патогенімен бидайды инокуляциялауда А.И. Борггардта-Анпилогованың әдісі қолданылды, Green Seeker (Trimble Navigation Limited, USA) – аппараты арқылы өсімдіктің биомассасының индексі өлшенді (NDVI – Normalized Difference Vegetative Index). Бидай үлгілерінің қатты қара күйеге төзімділігін бағалауда М. Қойшыбаев шкаласы қолданылды. Зерттеу материалы ретінде румыниялық бидайлардың 10 үлгісі алынды. Инокуляция үшін Алматы облысының егіс алқаптарынан жинап алынған Tilletia caries (D.C.). Tul. споралары қолданылды. Зерттеу нәтижесінде ауруға жоғары төзімді деп 7 бидай үлгісі ерекшеленді. Олар: F08245G1, PARTNER, F08347G8, F06393GP10, RETEZAT және F07270G2. Зерттеуде қарастырылған бидайлардың ішінде 6 үлгінің индекс биомасса көрсеткіштері жоғары екендігі анықталды.