ТРИХОДЕРМА ТУЫСЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРЫНЫҢ АСТЫҚ ДАҚЫЛДАРЫ АУРУЛАРЫНЫҢ ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ГИПЕРПАРАЗИТТІК БЕЛСЕНДІЛІГІ

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2022.2(113).1051
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Микроскопиялық топырақ саңырауқұлақтары Trichoderma spp. қазіргі ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылатын биоагенттердің бірі. Бұл саңырауқұлақтардың танымалдылығы олардың кейбіреулері микробқа қарсы бірнеше жүздеген қайталама метаболиттерді шығаруымен, өсімдіктердің зиянкестер мен қоздырғыштардың зақымдануына жергілікті және жүйелік төзімділігін тудыруымен, қоректік заттарды (әсіресе азотты) пайдалану тиімділігін арттыруымен,өсімдіктердің өсуін ынталандыруымен және абиотикалық күйзелістерге төзімділік беру қабілетімен байланысты. Trichoderma тектес саңырауқұлақтар фитопатогендік саңырауқұлақтар тудыратын ауруларды биологиялық бақылау үшін қолданылатын өсімдік патогендерінің мицелиалды саңырауқұлақтарының антагонистері болып табылады. Олар биофунгицидтердің, био тыңайтқыштар мен биостимуляторлық қасиеттеріне байланысты ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады. Біз алған салыстырмалы деректер зерттеу үшін таңдалған триходерма штамдарының фитопатогендік саңырауқұлақтарға қарсы айқын тежелу белсенділігі бар екенін көрсетті.Мақалада Trichoderma консорциумдарының астық дақылдары ауруларының қоздырғыштарына қатысты гиперпаразиттік белсенділігін зерттеу материалдары ұсынылған. Зерттеу нәтижелері барысында Trichoderma туысы саңырауқұлақтары негізінде жасалған консорциумдардың Fusarium, Bipolaris және Alternaria фитопатогендерінің өсуін 3 күн ішінде жоя бастайтыны, ал қарама-қарсы культураларда өсірудің 7-ші күнінде толықтай лизиске ұшырататыны анықталды. Trichoderma гиперпаразиттік белсенділігін анықтау бұл микроорганизмдерді толық сипаттау үшін, оларды биологиялық препараттар әзірлеуде одан әрі пайдалану үшін қосымша сынақ ретінде пайдаланылуы мүмкін.