ҚАЗАҚСТАН-ФРАНЦУЗ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-ҒЫЛЫМИ ДАЙЫНДЫҒЫ

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2022.2(113).1034
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Білім, ғылым және өндіріс интеграциясының болмауына байланысты ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау сапасын арттыруға кедергі келтіретін жүйелі мәселе бар. Қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру мүмкіндіктерінің шектеулілігі, материалдық-техникалық базасының әлсіздігі, ескірген технологиялары да оқу үдерісіне кері әсерін тигізуде. Соның салдарынан түлектердің дайындық деңгейі көп жағдайда заман талабына сай келмейді. Білім беру бағдарламалары мен кадрларды даярлауды жаңғырту үшін білім беруді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және агроөнеркәсіп кешеніне жаңа технологияларды енгізуді байланыстыру қажет. Сол сияқты Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептерде де, жоғары оқу орындарында да жаратылыстану пәндерін оқытуда проблемалар бар. Мақалада Қазақстан-Франция пилоттық жобасы аясында бакалавриат даярлаудың базалық деңгейін қамтамасыз ету үшін студенттердің оқуын жетілдіру жолдарының бірі қарастырылған. Оқытудың жаңа моделі физика, химия, биология, жоғары математика және информатика сияқты іргелі пәндерді тереңдетіп оқытуға негізделген.