ІРІМШІКТІ ЛАСТАЙТЫН ESCHERIHIA COLI ИЗОЛЯТТАРЫНЫҢ АНТИБИОТИКТЕРГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2022.2(113).1028
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада сауда желілерінде сатылатын ірімшіктердің Escherihia coli бактериясымен ластануының микробиологиялық зерттеу нәтижелері келтірілген. Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының 11 кәсіпорны өндірген 38 ірімшік үлгілерінің 18-нен E.coli табылды. Зерттеу барысында, ірімшік сынамаларынан E.coli бактерияларын бөліп алу мақсатында коммерциялық Compact Dry (R-Biopharm AG, Германия) табақшалары қолданылды. Ірімшік үлгілерінен оқшауланған грам-теріс бактериялардың морфологиялық және биохимиялық қасиеттері талданды. Бөлініп алынған E. Coli изоляттарының антибиотик препараттарына (бацитрацинге, стрептомицинге, левомецитинге, бензилпенициллинге, тетрациклинге, гентамицинге, канамицинге, эритромицинге, оксацилинге, канамицинге) сезімталдығы дискілі диффузды әдіспен зерттелді. Антибиотикке тұрақтылығын зерттеу микроорганизмнің биологиялық ерекшеліктерін анықтауға және тағамдардың резистенттігі жоғары бактерия штамдарымен контаминациялану қаупін бағалауға мүмкіндік береді. Жүргізілген зерттеудің нәтижесінде Қазақстан нарығында сатылатын ірімшіктерден бензилпенициллин және бацитрацин антибиотиктеріне резистентті E.coli изоляттары бөлінді. Ауыл шаруашылығында және ветеринарлық клиникалық тәжірибеде микробқа қарсы дәрілерді кеңінен қолдану антибиотикке төзімді және көптеген патогендік факторлары бар E. coli штамдарының пайда болуына әкеледі.