Аңдатпа
Мақалада жаңа зығыр майы қосылған түйіршікті сүзбе өнімінің технологиясы, оның сапасы мен қауіпсіздік көрсеткіштерне жасалған зерттеулер нәтижелері көрсетілген. Әзірленген жаңа өнімнің органолептикалық көрсеткіштеріне, химиялық құрамына, дәрумендер мөлшеріне, ауыр металдар, антибиотиктер мөлшері мен микробиологиялық көрсеткіштеріне зерттеулер жүргізілді. Жаңа өнімнің құрамындағы ақуыздар - 15,21%, майлар - 18,5%, көмірсулар - 3,8% екені анықталды. Сонымен қатар, жаңа өнім құрамында А, Е, С, және В тобының дәрумендер мөлшері анықталды. Зерттеуге алынған жаңа өнім құрамындағы ауыр металдар, антибиотиктер мөлшері мен микробиологиялық көрсеткіштері КО ТР рұқсат етілген деңгейден аспайтыны көрсетілді.