Methodology for assessing the innovation potential of single-industry towns in the Republic of Kazakhstan

2022

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52260/2304-7216.2022.2(47).15
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Моноқалаларды инновациялық жаңғыртуды көптеген зерттеушілер олардың тиімді дамуын қамтамасыз етудің неғұрлым маңызды факторы ретінде қарастырады. Алайда, аталмыш аумақтардың дамуын басқарудың ерекшеліктеріне арналған зерттеу жұмыстарында олардың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін инновациялық әлеуетін бағалау және басқару мәселелері толық көлемде ашылмаған. Моноқалалардың инновациялық әлеуеттін бағалау және соған байланысты оларды жіктеу үлкен теориялық және тәжірибелік маңызға ие.Зерттеу мақсаты моноқалалардың инновациялық әлеуетін бағалаудың авторлық әдістемесін негізін қалаған маңызды критерийлер мен көрсеткіштерді анықтау және жүйелеу болып табылады.Осы мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар міндеттер айқындалды: аумақтардың инновациялық әлеуетін анықтаудың қолданыстағы үлгілері мен әдістемелеріне кең шолу жүргізілді; осы шолудың нәтижелері бойынша инновациялық әлеуетін бағалаудың бірқатар индикаторлары анықталды, олардың негізінде зерттеу нысаны болып табылатынмоноқалаларының инновациялық бағалау әдістемесі құрастырылды.Зерттеудің теориялық-әдістемелік базасын моноқалалардың даму мәселелерін зерттеу саласындағы іргелі және қолданбалы зертеулердің нәтижелерін ұсынған ғалымдардың еңбектері құрады. Талдау жүргізу кезінде экономикалық және салыстырмалы талдау мен синтездің жалпы ғылыми әдістері, жүйелік тәсіл қолданылды.Мақалада жүргізілген зерттеу нәтижесі моноқалалардың инновациялық даму деңгейін бағалау кезінде қолданылуы мүмкін.Және де мақаланың тәжірибелік маңыздылығы ретіндезерттеу нәтижелерініңмемлекеттік моноқалаларды инновациялық дамыту тұжырымдамасын әзірлеу және мақсатты салалық бағдарламаларды іске асыру кезінде пайдалана алуын атап айтуға болады. Сондай-ақ оларды ҚР моноқалаларын даму бағдарламалары мен стратегияларын әзірлеу кезінде өңірлік және жергілікті билік органдарының қызметінде пайдалану мүмкін. Innovative modernization of monotowns is considered by many researchers as the most important factor in ensuring their effective development. However, in the research papers devoted to the peculiarities of managing the development of these territories, the issues of assessing and managing the innovative potential that ensures their sustainable development are not fully disclosed. Of great theoretical and practical importance is the assessment of the innovative potential of monotowns and their associated classification.The purpose of the study is to identify and systematize the most important criteria and indicators that laid the foundation for the author's methodology for assessing the innovative potential of monotowns.To achieve this goal, a number of tasks have been defined: a broad review of existing models and methods for determining the innovative potential of territories has been carried out; based on the results of this review, a number of indicators for assessing innovative potential have been identified, on the basis of which a methodology for innovative assessment of monotowns that are the objects of research has been developed.The theoretical and methodological basis of the study was the works of scientists who presented the results of fundamental and applied research in the field of studying the problems of the development of monotowns. The analysis used general scientific methods of economic and comparative analysis and synthesis, a systematic approach.The results of the research conducted in the article can be used to assess the level of innovative development of monotowns. Also, as a practical significance of the article, we can note the possibility of using the results of the study in developing the concept of innovative development of monotowns of the state and the implementation of targeted industry programs. They can also be used in the activities of regional and local authorities in the development of programs and strategies for the development of monotowns of the Republic of Kazakhstan.